ТЖМ басшысы айтқанындай, мемлекеттік комиссияның шығарған шешімі бойынша, «бұл қайғылы оқиға жүз пайыз жұмыс берушінің кінәсінен туындаған».
Сонымен қатар, «апаттың орын алуына жауапты шахта қызметкерлері анықталды: №2 учаскесінің бастығы К. Аринов, бас технолог А. Хамзабаев, бас инженер Н. Цветков, сондай-ақ жұмыс беруші — заңды тұлға «Арселор Миттал Теміртау»АҚ бас директоры Сатиш Топария», — деп хабарлады В. Божко.
Апатты жағдай ауаға метанның таралуынан туындаған. Ал бұған тосқауылдардың қирауы, болжауға келмейтін газ қоспаларының шығуы, үшіншіден, газдардың көптеп шығуы қосымша себеп болған.
Оның сөздеріне қарағанда, мемлекеттік комиссия компанияға 41 тізімнен тұратын кешенді шараларды қолдану жөнінде ұсыныс жасап, қорытынды шығарған. Компания көмір өндірудің технологиялық процессін өзгертіп оны жаңғартулары керек, газды анықтайтын жаңа құралдарды орнатып, еңбек қауіпсіздігі мен жағдайды жақсартудың амалдарын іске асырып, газдан тазарту құралдарын қою керек
«Барлық пунктер өте маңызды, оның ішінде ерекше бір пунктке тоқталғым келіп отыр. Еңбекті қорғау мен техникалық қауіпсіздігіне бөлінетін жылдық және айлық жоспары азайтылмауы керек «, — деді В. Божко.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті