"Бейбітшілік үшін серіктестік" консорциумы ҚР-ның әскери жоғары оқу орындарының білім деңгейлерін бағалау үстінде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бейбітшілік үшін серіктестік" консорциумы ҚР-ның әскери жоғары оқу орындарының білім деңгейлерін бағалау үстінде

"Бейбітшілік үшін серіктестік" консорциумы ҚР-ның әскери жоғары оқу орындарының білім деңгейлерін бағалау үстінде

Астана. 29-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Бейбітшілік үшін серіктестік" консорциумының мамандары Әскери жаяу әскер институтында (Алматы) және Әскери әуе қорғанысы күштерінің институтында (Ақтөбе) кәсіби әскери білім деңгейін бағалап жатыр. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 29 Қаңтар 2008
  • 659
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, шетелдік мамандар оқу-материалдық база мен оқу бағдарламаларын бағалаудан өткізген. Сарапшылар қорытындысына сәйкес, жақын уақыттарда Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасы дүниежүзілік стандарттарға қаншалықты жауап беретіні белгілі болмақ. Аудиторлық тексеріс аяқталған соң есеп беріліп, отандық әскери білім беруді жетілдіру бойынша кеңестер берілетін болады.

Былтыр желтоқсан айында консорциум мамандары Ұлттық қорғаныс университетінде осындай аудит өткізген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті