Мәжіліс Қазақстан мен Иордания үкіметтері арасындағы инвестицияларды өзара қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Қазақстан мен Иордания үкіметтері арасындағы инвестицияларды өзара қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекітуді мақұлдады

Мәжіліс Қазақстан мен Иордания үкіметтері арасындағы инвестицияларды өзара қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекітуді мақұлдады

Астана. 30 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасы мен Иордания Хашимиттік Корольдігі үкіметтері арасындағы инвестицияларды өзара қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады,деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 30 Қаңтар 2008
  • 339
Фото - Caravan.kz

«Келісімде екі ел инвесторларына инвестиция салуға мейлінше қолайлы жағдай жасаудың өзара шарттары айтылады. Келісім инвесторлардың екі елдің аумағында жүзеге асырылған барлық инвестицияларға таралады», -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Келісімге он жылға қол қойылып, ол осы мерзімнен кейін тағы да осынша мерзімге созылады.

Келісімге 2006 жылдың 29 қарашасында Амманда қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті