БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Грузия мәселесі бойынша жабық кеңес өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Грузия мәселесі бойынша жабық кеңес өткізді

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Грузия мәселесі бойынша жабық кеңес өткізді

Алматы. 30 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Грузия мәселесі бойынша жабық кеңес өткізді, деп хабарлайды агенттік Біріккен Ұлттар ұйымының ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.

  • 30 Қаңтар 2008
  • 633
Фото - Caravan.kz

БҰҰ ақпарат орталығы хабарлағанындай, БҰҰ қауіпсіздік кеңесі грузия -абхазия арасындағы текетірісті шешу үшін бас қосты. Онда БҰҰ Грузияны бақылау миссиясының басшысы Жан Арно сөз сөйледі. Ол кеңес мүшелеріне БҰҰ Абхазия бойынша баяндамасын ұсынды.

Баяндамада айтылғанындай, соңғы уақытты грузия және абхазия аймағында қарулы қақтығыстар мен тайталас болмады. Алайда осындай жағдайда елдер арасында үрей мен егестік тудыру үшін, екі жаққа да жалған ақпарат таратылды.

Бас хатшы атап өткеніндей, грузия -абхазия арасындағы «саяси процесс тұйыққа тірелді». Екі елдің арасындағы 1998 жылдан бері келе жатқан текетірес деңгейі 2007 жылы тым төмендеп кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті