Батыс Қазақстан облысында ақ аюдың терілерін заңсыз тасымалдаған Ресей Федерациясының азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында ақ аюдың терілерін заңсыз тасымалдаған Ресей Федерациясының азаматы ұсталды

Батыс Қазақстан облысында ақ аюдың терілерін заңсыз тасымалдаған Ресей Федерациясының азаматы ұсталды

Орал. 30-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында 29-қаңтарда Қызыл кітапқа енген ақ аюдың терілерін заңсыз тасымалдаған Ресей Федерациясының азаматы ұсталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Батыс Қазақстан облысының кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінің бастығы Назар Қуанғалиев хабарлады.

  • 30 Қаңтар 2008
  • 636
Фото - Caravan.kz

«Кеден басқармасының қызметкерлері Тасқалf ауданының Достық станциясында Мәскеу — Алматы бағытындағы поезд вагонынан ақ аюдың терілерін заңсыз алып бара жатқан Ресей Федерациясының азаматын ұстады»,- деп хабарлады баспасөз қызметінің бастығы.

Алдын ала жасалған бағалауға сүйенсек, терілердің жалпы құны 2,4 млн теңгені құрайды.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, терілер жолаушыларды кедендік тексеру барысында жол сөмкеден табылған. Сонымен қатар ресейлікте алып бара жатқан тауарына тиісті құжаты да болмаған.

«Батыс Қазақстан облысының кеденшілерінің практикасында бұрын бағалы құстарды, хайуанаттар мен өсімдіктердің басқа да түрлерін тасымалдау оқиғалары кездескен. Бірақ ақ аюдың терісін тасымалдаушы алғаш рет ұсталып отыр, бұл хайуанаттың Қызыл кітапқа енгендігін еске салу артық болмайды»,- деп атап өтті Н. Қуанғалиев.

Қазіргі уақытта «тергеу алды шаралары жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті