«Мен «Интеллектуалды ұлт — 2020″ ұлттық жобасы идеясымен бөліскім келеді. Оның негізгі мақсаты — қазақстадықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестік қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру»,- деді Н. Назарбаев.
Президенттің айтуынша, «жоба әлеуетті үш жағдайды ескеруге тиіс». «Бірінші жағдай білім беру жүйесінің инновациялық дамуына қатысты»,- деп атап өтті ол.
Жобаны жүзеге асыратын екінші басты мәселе, елбасының айтуынша ақпараттық революция болуға тиіс. «Біз бұл салада айтарлықтай артта қалдық»,- деп атап көрсетті Н. Назарбаев. Атап айтқанда, президент «Алматыда ақпараттық технология паркі базасында жетекші жоғарғы оқу орындарының қатысуымен, шетелден ең үздік деген мамандарды тартумен үлкен аймақтық университет құруды» ұсынады.
«Жобаны жүзеге асырудың үшінші бағыты ретінде жастарды рухани тұрғыдан тәрбиелеуді атап өтуге болады»,- деді президент. Н. Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті