Назарбаев Қазақстан жастарын саясатқа белсене қатысуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Қазақстан жастарын саясатқа белсене қатысуға шақырды

Назарбаев Қазақстан жастарын саясатқа белсене қатысуға шақырды

Астана. 30-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның жастары елдің саяси өміріне белсене қатысуға тиіс. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына арналған форум барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 30 Қаңтар 2008
  • 408
Фото - Caravan.kz

«Сіздердің кейбіреулеріңіз «Нұр Отан» партиясына, оның жастар қанатына кіргендеріңізді білем. Бұл жұмысты күшейтіп, саяси өмірге қатысу керек»,- деді Н. Назарбаев бағдарлама стипендиаттарына қарап сөйлеген сөзінде. «Сіздер үшін бұл саяси өсу мектебі»,- деп атап көрсетті ол.

«Нұр Отан» болашақтың, яғни сіздердің партияларыңыз болғандығын қалаймын. Сондықтан да сіздердің белсенді көмектеріңіз бен қолдауларыңыз керек»,- деп үндеу жолдады президент жастарға.

«Егер көпұлтты Қазақстанда саяси тұрақтылық пен тыныштық болмаса, онда ештеңе де болмайды. Міне, мен неге осының бәрін сақтап, ақырындап алға жылжығым келеді», — деп атап өтті мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті