Кәрім Мәсімов "Сарыарқа" ӘКК басқарма төрағасы Вадим Зверьковты ұжымға таныстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәрім Мәсімов "Сарыарқа" ӘКК басқарма төрағасы Вадим Зверьковты ұжымға таныстырды

Кәрім Мәсімов "Сарыарқа" ӘКК басқарма төрағасы Вадим Зверьковты ұжымға таныстырды

Астана. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басқармаларының жаңа төрағасы Вадим Зверьковты ұжымға таныстырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 20 Ақпан 2008
  • 497
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, таныстыру кезінде Кәрім Мәсімов «Сарыарқа» ӘКК алғашында пилоттық жоба болғанын, оның қалған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар үшін үлгі болатынына сенетінін», атап өтті.

Сонымен қатар, үкімет басшысы Қазақстан президенті 2008 жылғы 14 ақпанда үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар алдына жаңа міндеттер қойғанына» тоқталды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Вадим Зверьков 1969 жылы туған. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1992 жылғы қаңтардан дипломатиялық қызметте.

Ол әр жылдары ҚР СІМ екінші департаменті директорының орынбасары, халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры, ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР Сыртқы істер министрлігінің инвестиция жөніндегі комитет төрағасы, ҚР Сыртқы істер вице-министрі қызметтерін атқарған.

«Сарыарқа» ӘКК-ке тағайындалғанға дейін Қазақстанның Израильдегі және Каирдағы елшісі болып еңбек еткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті