Петропавлда улы заттардың мөлшері нормадан 60 есе асатын Қытай ойыншықтары саудадан алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда улы заттардың мөлшері  нормадан 60 есе асатын Қытай ойыншықтары саудадан алынды

Петропавлда улы заттардың мөлшері нормадан 60 есе асатын Қытай ойыншықтары саудадан алынды

Астана. 21-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Петропавлда Қытай ойыншықтарының партиясы тәркіленді. Ол ойыншықтар улы заттардың мөлшері шекті нормадан 60 есе асатын болып шықты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 21 Ақпан 2008
  • 469
Фото - Caravan.kz

Санитарлық дәрігерлер адам денсаулығына қауіпті Қытай ойыншықтары саудаланған сегіз сауда орынын тексерген. Тексеріс нәтижесі көңіл көншітерліктей емес. Балалар тауарларындағы фенол мөлшері қалыпты деңгейінен 60 есе асатын болып шықты.

Тексеру нәтижесі бойынша қауіпті ойыншықтарды сатуға кінәлілерге айыппұл салынған. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары жақын арада Қытайда шығарылатын киімдер мен аяқ киімдердің қауіпсіздік сапасына тексеру жүргізбек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті