Нартай Дүтбаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды (толықтырылған нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нартай Дүтбаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды (толықтырылған нұсқасы)

Нартай Дүтбаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 21-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысының өкімімен Нартай Нұртайұлы Дүтбаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Ақпан 2008
  • 505
Фото - Caravan.kz

Н.Дүтбаев 1956-жылы туған. 1978-жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген. 1982-жылы Минск қаласында КСРО МҚК курсын оқып, 1989-жылы Мәскеудегі КСРО МҚК Жоғарғы мектебін тәмамдаған.

Институтты бітірген соң «Қазақ гипрофосфор ғылыми-зерттеу институтының» автоматтандыру бөлімінде инженер, аға инженер болып қызмет атқарған (1978 — 1980 жылдары).

МҚК жоғарғы курсын бітірген соң КСРО МҚК Ставрополь аймақтық басқармысының кіші шұғыл өкілетті қызметкері болып жұмыс істеген (1982-1986 жылдары). 1986 жылдан 1993 жылға дейін аға шұғыл өкілетті қызметкер, бөлім бастығы, аға инспектор, Алматы облыстық ҰҚК басқармасының бөлім бастығының орынбасары, кейіннен бастығы болып қызмет атқарған.

1993 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқарма бастығының орынбасары, сосын бастығы, Бас басқармасының бастығы болған. 1997 жылы ҚР ҰҚК даму болашағы департаментінің бастығы болып қызмет істеген. 1997 жылдан 1998 жылға дейін Павлодар облыстық ҰҚК департаментінің бастығы.

1998 жылдың қыркүйек айынан — ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, 2001 жылдың қараша айынан ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары, 2001 жылдың желтоқсан айынан ҚР ҰҚК төрағасы. 2006 жылы ақпанның 22-інде отставкаға кету жөнінде арыз берген. 2006 жылдың сәуір айында ҚР ҰҚК Академиясының басшысы болып тағайындалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті