2008 жылы Қырғызстандағы инфляция деңгейі 12-15 пайызды құрамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008 жылы Қырғызстандағы инфляция деңгейі 12-15 пайызды құрамақ

2008 жылы Қырғызстандағы инфляция деңгейі 12-15 пайызды құрамақ

Бішкек. 21-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылы Қырғызстандағы инфляция деңгейі 12-15 пайызды құрамақ, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Ұлттық банкіне сілтеме жасай отырып.

  • 21 Ақпан 2008
  • 447
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан Республикасы Ұлттық банкінің «2008-2010 жылдарға арналған негізгі ақша-несие бағыттары» баяндамасында мәлім етілгендей, биыл Қырғызстанның Орталық банкі инфляцияны дәл осындай деңгейде ұстап тұруға мүдделі.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, алдағы айларда әлемдік нарықта ұсыныс пен сұраныс арасында әжептәуір айырмашылық болады деп күтіліп отыр. Осыны және Қырғызстанның сыртқы әсерлерді жылдам қабылдайтынын ескере отырып, әлемдік нарықтағы конъюнктура айтарлықтай өзгеріске ұшыраса, инфляция көрсеткіштеріне өзгеріс енгізе алады.

Бұл үшін Ұлттық банк ақша-несие саясатының қолда бар құралдарын пайдаланатын болады. Ол негізінен ашық нарықтағы операциялар екені белгілі. Қырғызстан Республикасының Ұлттық банкі қабылданған жылжымалы айырбас бағамын пайдалан отырып валюта операцияларын жүргізбек. Алайда, соған қарамастан, халықаралық резервті елдің қаржылық тұрақтылығын сақтауға қажетті деңгейде ұстап тұруы да қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті