Журналистік ұйымдар "БАҚ туралы" жаңа заң жобасына үкіметтің теріс баға беруіне алаңдап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Журналистік ұйымдар "БАҚ туралы" жаңа заң жобасына үкіметтің теріс баға беруіне алаңдап отыр

Журналистік ұйымдар "БАҚ туралы" жаңа заң жобасына үкіметтің теріс баға беруіне алаңдап отыр

Астана. 21-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Журналистік ұйымдар өздері жасаған "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" жаңа заң жобасына теріс баға берген үкімет тұжырымындағы дәйектердің қаншалықты негізді екендігін зерттеу үшін парламенттік комиссия құруды ұсынып отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 21 Ақпан 2008
  • 963
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасын жүзеге асыру қосымша қаражат бөлуді талап етеді деген үкімет қаулысының шындыққа сай келетінін тексеру үшін парламенттік комиссия құруды талап етеміз. Егер бұл шындыққа жанаспаса, онда аса алаңдатарлық ел Конституциясының нормаларын кейбір шенеуніктердің пайдасына пайдалану оқиғасы көзге ұрып тұр», — деп көрсетілген тілшілердің ұйымдарының парламенттің мәжіліс депутаттарына арнаған үндеуінде.

Аталмыш үндеуге Қазақстанның журналистер одағы, «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры, Қазақстанның Ұлттық телерадио хабарларын тарату қауымдастығы, «MediaNet» халықаралық журналистер орталығы және тағы да басқа бірқатар ұйымдар қол қойды.

Үндеуде «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» жаңа заң жобасы парламентке 2006 жылы енгізілгені көрсетілген. 2006 жылдың күзінде үкімет аталмыш заң жобасына теріс баға берген. Соған байланысты жоба парламенттен кері қайтарылып, үкіметтің ескертулерін ескеріп, қайта өңделген болатын.

«Тоғыз айдан астам уақыт жоба қозғалыссыз жатты. Осы мезгілде мәдениет және ақпарат министрі Ертісбаев мырза сөз бостандығының демократиялық стандарттарын қолдайтыны туралы Вена қаласында өткен ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесінде көп айтқан және «Мәдениет және ақпарат министрлігі негізінен бұл жобаны қолдайды», — деп хабарлаған», — деп көрсетілген үндеуде.

«Алайда, Қазақстанның ЕҚЫҰ-на 2010 жылы төрағалық етуі туралы шешім қабылданысымен Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл заң жобасына премьер-министр қол қойған жаңа теріс баға беріп отыр», — деп атап көрсеткен үндеу авторлары.

«Үкіметтің жасаған қорытындысы «заң жобасын жүзеге асыру қосымша қаражат бөлуді талап етеді», — дегеннен басталған. Осының негізінде заң жобасы мәжілістен кері қайтарылған. Сондықтан, депутаттар қызметтеріне сай зерттеп, оны бағалай алмай отыр», — деп көрсетілген үндеуде.

«Біз 2007 жылдың сәуір айында парламент мәжілісінің бір топ депутаты енгізген «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасын жасау, оны талқылау мен жетілдіруге қатысқанбыз. Сол себепті жауапкершілікпен мәлімдейміз: заң жобасын жүзеге асыру ешқандай да қосымша қаражат бөлуді қарастырмайды! Жаңсақ пікірді айта отырып, үкіметтік тұжырымдаманы жасағандар елдің премьер-министрін, соңынан парламент мәжілісін де адастырып отыр», — деп асты сызылып көрсетілген құжатта.

Осылайша, журналистік ұйымдардың пайымдауынша, Ақпарат министрлігінің алдағы заңнамалық жаңартуларына жағдай жасалған.

Ертісбаевтың суреттеуіне қарағанда алдағы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға өзгертулер енгізу тек декоративтік сипатта болып келеді».

«Олар Қазақстан журналистикасының негізгі даму проблемаларының ешқайсысын шешпейді. Сондықтан, шетелде біздің еліміздің беделін нығайта алмайды», — деп есептейді үндеу авторлары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті