Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Қырғызстан Косовоның тәуелсіздігін тануды кейінге шегере тұруды жөн деп тапқан. Себебі, Біріккен Ұлттар Ұйымының № 1244 резолюциясына сәйкес, мәселені бейбіт жолмен шешуде негізгі рөл Қырғыз Республикасы қағидаларын құрметтейтінін және ұстанатынын дәлелдеген Біріккен Ұлттар Ұйымына берілген.
«Сонымен бірге Қырғызстан тәуелсіздікті бір жақты жариялау бүкіл әлемдегі сепаратистік пиғылдарды өршітуі мүмкін екендігіне баса назар аударады. Сондықтан, Қырғызстан Республикасы тараптарға мәселені халықаралық құқық және халықаралық қауіпсіздік аясында бейбіт келіссөздер жолымен шешуге шақырады», — деп мәлім етті баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарламасында, сонымен бірге, Қырғызстан Республикасы БҰҰ миссиясын аймақтың бүкіл этникалық топтарының құқықтары мен қауіпсіздігінің тең болу кепілдігін қамтамасыз етуге шақырып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті