Парламент Қазақстан мен Иордания үкіметтері арасындағы инвестицияларды өзара қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Қазақстан мен Иордания үкіметтері арасындағы инвестицияларды өзара қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекітті

Парламент Қазақстан мен Иордания үкіметтері арасындағы инвестицияларды өзара қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекітті

Астана. 21 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасы мен Иордания Хашимиттік Корольдігі үкіметтері арасындағы инвестицияларды өзара қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Ақпан 2008
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Келісімде екі ел инвесторларына инвестиция салуға мейлінше қолайлы жағдай жасаудың өзара шарттары айтылады. Келісім инвесторлардың екі елдің аумағында жүзеге асырылған барлық инвестицияларға таралады», -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Келісімге он жылға қол қойылып, ол осы мерзімнен кейін тағы да осынша мерзімге созылады.

Келісімге 2006 жылдың 29 қарашасында Амманда қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті