Сенат тұтқындауға соттан санкция беруді қарастыратын заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат тұтқындауға соттан санкция беруді қарастыратын заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат тұтқындауға соттан санкция беруді қарастыратын заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 21 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Кейбір заңнамалық актілерге тұтқындау түрінде кідірту шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Ақпан 2008
  • 336
Фото - Caravan.kz

Заң жобасының мақсаты қолданыстағы заңнаманы Конституцияның 16-шы бабына сәйкестендіруге саяды.

Атап айтсақ, Қылмыстық-процессуалдық кодекс пен «Прокуратура туралы» заңға түзетулер енгізіледі.

Қылмыстық-процессуалдық кодексте тұтқындауға санкция беру өкілеттілігін тікелей аудандық және қалалық сотқа беру заңдастырылады.

Кідірту шарасы ретінде тұтқындауды таңдау қажет болған жағдайда тергеу органы, тергеуші сотқа тұтқындауға санкция беру туралы өтініш жазады, ол іс материалдарымен бірге прокурорға жолданады.

Прокурор өз шешімімен бұл өтінішті қолдау немесе қолдамау жөнінде тиісті қаулы шығарады. Тұтқындау шарасын қолдануға прокурордың келісім бермеуіне тергеу органы немесе тергеуші қарсы шығып, жоғары саталы прокурорға немесе сотқа шағымдана алады.

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін сенаттың салалық комитетіне жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті