Ғарыш айлағының мамандары көктемдегі алғашқы ұшырылымға дайындық жұмыстарын жалғастыруда. №92А-50 монтаждау-сынақ корпусында Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық, ғылыми-өндірістік орталығының мамандары «Протон-М» зымыранының, «Бриз-М» үдеткіш блогының және өтпелі жүйенің автономды дайындығын іске асырады.
Сонымен бір мезгілде №92А-50 корпусының залында «АМС-14» ғарыш аппаратын жасаған америкалық фирма мамандары ғарыш аппаратын жанармай компоненттерімен толтыруға дайындау үстінде.
«АМС-14» телекоммуникациялық жер серігін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы жасап шығарған. Жер серігі 32 транспондермен жабдықталған және Солтүстік Американың тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз етпек. «АМС-14» 15 жыл пайдалануға арналған.
Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен «АМС-14» ғарыш аппаратын ұшыру 2008 жылдың 15-наурызына межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті