«Заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы шешімді компания қызметінің негізгі бағыттарының өзгеруіне байланысты жалғыз акционер «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ директорлар кеңесі қабылдады. Жаңа құрылымның мақсаты — экспорттық қызметті жігерлендіретін және қолдайтын институционалдық жүйені құрудағы басты қозғаушы күшке айналу болып табылады», — деп көрсетілген хабарламада.
Мәтінде көрсетілгендей, корпорация экспорттауға әлеуеті жететін немесе соған ниет танытқан кәсіпорындармен жұмыс істейтін болады.
Ұйым қызметінің негізгі бағыттарының қатарында кәсіпорындардың экспорттық мүмкіндігінің дамуына ықпал ету (оқыту, техникалық көмек көрсету, т.б.), институционалдық әлеуетті дамыту (сауда процедураларын жақсарту бойынша кеңес беру), Қазақстан экспортының сатылуын ұлғайту және т.с.с.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті