«АМС-14» ғарыш аппаратын алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышының дайындық жұмыстары барысында ғарыш айлағының мамандары келесі операцияға кірісті.
Бүгін таңертең №31 алаңның жанармай құю станциясында осы жерге кеше жеткізілген «Бриз-М» үдеткіш блогының жоғары қысымды бактарына отын компоненттері мен сұйытылған газ құйыла абстады.
Жанармай құю екі күнге созылып, бұдан кейін «Бриз-М» үдеткіш блогы №92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіліп, онда «АМС-14» ғарыштық аппаратымен және өтпелі жүйемен түйістіріледі.
«Бриз-М» үдеткіш блогы америкалық «АМС-14» телекоммуникациялық спутнигін геостационарлық орбитаға шығаруға арналған.
Байқоңырдан «АМС-14» ғарыш аппаратын «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен ұшыру 2008 жылдың 15-наурызына межеленген.
«АМС-14» телекоммуникациялық спутнигін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы әзірлеген. Спутник 32 транспондермен жабдықталған және Солтүстік Американың тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз ететін болады. «АМС-14» телекоммуникациялық спутнигі 15 жыл пайдалануға есептелген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті