Баспасөз қызметі хабарлағандай, тұтқындау қаладағы бір дәмханада тікелей пара беру кезінде іске асырылған. Мемлекеттік кәсіпорын басшысының тұтқындалуы қала прокуратурасының бастамасымен қалалық прокуратура мен қалалық ҰҚК департаментінің бірлескен іс-шаралары барысында іске асырылған.
«Қазіргі уақытта тұтқындау материалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 312 бабында қарастырылған қылмыс нышанын көрсететін мәліметтердің жеткілікті болуын ескере отырып, қажетті процессуалдық рәсімдеуден өтіп жатыр. Тұтқындалған ҰҚКД тергеу изоляторына қамалды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті