Тараз қалалық сотында өзін-өзі өлтірген адамға "Альянс Банк" несие берген емес - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараз қалалық сотында өзін-өзі өлтірген адамға "Альянс Банк" несие берген емес

Тараз қалалық сотында өзін-өзі өлтірген адамға "Альянс Банк" несие берген емес

  • 29 Ақпан 2008
  • 582
Фото - Caravan.kz
Алматы. 29 ақпан. «Қазақстан Бүгін » — Тараз қалалық сотында өзін-өзі өлтірген адамға «Альянс Банк» АҚ несие берген емес, деп хабарлайды агенттік «Альянс Банктің» баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.
 
«»Альянс Банк» АҚ-ның баспасөз қызметі Мәлік Ысмайыловтың «Альянс Банктен» ешқашан несие алмағанын және банктің клиенті болып табылмайтынын үлкен жауапкершілікпен мәлімдейді. Сол себепті банк Мәлік Ысмайыловтың алған несиесіне ешбір қатысы жоқ», — деп хабарлайды банк.
 
«Дейтұрғанмен, «Альянс Банк» АҚ болған оқиғаға қатысты өкініш білдіріп, қайтыс болған адамның туыс-туғандарына көңіл айтады», -делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 
 
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Таразда 28-ақпанда күндізгі сағат 12-де қалалық соттың сот отырысы залында 43 жастағы ер адам өзін-өзі өлтірді. «Ол жұрт алдында 12-ші калибрлі мылтықпен өзінің басынан атқан», — деп хабарлады оқиға куәгерлері. 
 
Оқиға орнында хабарланғанындай, өткен жылдың сәуір айында әлгі ер адам «Альянс Банктен» 510 мың теңге несие алған. Қарыздың қайтарылмауы себепті банк шығынын қайтарып алу үшін сотқа жүгінген. Жауап берушіге 614 мың теңгені қайтару міндеті жүктелген. 


 
Төтенше оқиға орынына шұғыл-тергеу тобы келіп, екі оғы бар мылтықты және марқұмның қалтасынан екі қосымша оқ тапты. Тергеу амалдары жүргізілуде. 
     
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті