Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кісі өлтіру оқиғасы 14 сағат 15 минутта Гоголь көшесінің бойындағы «Сеул» дәмханасында болған. А. Бусурмановты тегіс оқпанды қарудан екі мәрте атып өлтірген. Полиция күдіктіні ұстады. Тергеу бұл оқиғаның екі ер адамның арасындағы ұзаққа созылған жаңжал салдарынан болғанын анықтады. Күдікті тұтқындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті