Қырғызстанда баға көтерілгеннен кейін кедейшілік деңгейінен төмен өмір сүретін тұрғындар саны артады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда баға көтерілгеннен кейін кедейшілік деңгейінен төмен өмір сүретін тұрғындар саны артады

Қырғызстанда баға көтерілгеннен кейін кедейшілік деңгейінен төмен өмір сүретін тұрғындар саны артады

Бішкек. 3-наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Сарапшылардың есептеулеріне сүйенсек, Қырғызстанда күздегі баға көтерілуінен кейінгі кедейшілік деңгейінен төмен өмір сүретін тұрғындардың саны 400-450 мың адамға артады. Бұл туралы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне арналған дөңгелек үстел барысында Бішкек экономикалық сараптама орталығының директоры Сапар Оразбақов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 3 Наурыз 2008
  • 569
Фото - Caravan.kz

С. Оразбақовтың мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылдың соңындағы кедейшілік деңгейі бір айда адам басына 920 сомнан келген. Халықтың жалпы саны 5 млн 228 мың бола тұра, кедейлер саны 2 млн 562 мың немесе 49 пайызын құрап отыр.

С. Оразбақовтың айтуынша, бұл Қырғызстанда кедейшілік деңгейінен төмен ахуалда күн кешетін адамдардың көптігіне байланысты. Олар тұтынушылар қоржыны сәл ғана өзгерген жағдайда одан төменгі деңгейге түсулері мүмкін. Бұл Қырғызстан халқының басым көпшілігі нан бағасына сезімтал екендіктерін көрсетеді.

С. Оразбақовтың баяндамасында бағаның өсуінің өмір сүру деңгейіне тигізер әсерін азайтатын факторлар бар екені айтылған. Атап айтқанда, еңбек миграциясы және 2007 жылы экономиканың кейбір жандану көріністері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті