Қазақстан сыртқы істер министрі ресми сапармен Францияға барады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан сыртқы істер министрі ресми сапармен Францияға барады

Қазақстан сыртқы істер министрі ресми сапармен Францияға барады

Астана. 3-наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжин ресми сапармен Францияға барады. Бұл туралы сенбі күні өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 3 Наурыз 2008
  • 363
Фото - Caravan.kz

Ол сапардың 6-7 наурыз күндеріне жоспарланғынын атап өтті.

Оның айтуынша, Францияның сыртқы істер министрі Бернар Кушнермен келіссөздер барысында екі елдің екі жақты және жан-жақты өзара іс-қимылдарын, саяси, сауда-экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылау жоспарланып отыр.

«М. Тәжиннің сапары жақында француз үкіметінің басшысы Франсуа Фийонның Астанаға сапары барысында қол жеткен екі жақты келісімдерді нығайтуға мүмкіндік береді және алдағы жоғарғы деңгейдегі кездесуді ұйымдастырудың дайындық кезеңі болады», — деді Е. Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті