«5-6 наурыз күндері Украина президенті Виктор Ющенко Қазақстанға ресми сапармен келеді. Ол Украинаның Қазақстандағы жылына арналып отыр», — деді Е. Ашықбаев.
Оның айтуынша, екі ел басшыларының келіссөздерінің негізгі тақырыптары 2007-2008 жылдарға арналған Қазақстан — Украина іс-әрекеттерінің жоспарын жүзеге асыруды қамтитын екі жақты қатынастардың әрі қарай дамуы, жанармай мен энергетикалық секторларда өзара ықпалдастық мәселелері болады. Тараптар сондай-ақ, көкейкесті аймақтық және халықаралық мәселелерді, халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты талқылайды.
Сонымен бірге, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі атап көрсеткендей, ТМД аясындағы ынтымақтастық болашағы бойынша пікір алмасу, аталмыш құрылым аясында әрі қарайғы интеграция мәселелерін келісу жалғасады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Украина президенттерінің бірлескен мәлімдемесін қабылдау, екі елдің әртүрлі салалардағы өзара ықпалдастығын тереңдетуге бағытталған бірқатар екі жақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.
Ержан Ашықбаев 9-ақпан күні Киевте 200-ден астам шараны қамтыған Қазақстанның Украинадағы жылының жабылу рәсімі салтанатты түрде атап өтілгенін еске салды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті