«Грузия үкіметі Қазақстанмен жан-жақты қатынастарды дамытуға үлкен маңыз беріп отыр. Бүкіл аймақтың дамуына жаңа серпін беретін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» трансконтиненталдық дәліз жобасының маңыздылығы өте жоғары. Грузияның теңіз порттары арқылы қазақстанның ауыл шаруашылық тауарларының экспорттық арналарының кеңеюін тек құптауға болады», — делінген құжатта.
Грузия үкіметі басшысының пікірінше, Қазақстан Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті еуро-атлантикалық құрылымдармен сындарлы қатынастарды орнату арқылы шешетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті