Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін түнде шекарашылар «Қапланбек» заставасының аумағында Өзбекстаннан Қазақстанға шаруашылық сөмкелерін жіберіп жатқан бірнеше адамды байқаған. Алайда, шекарашыларды көріп қалған заң бұзушылар жүктерін тастап, Өзбекстан аумағына жасырынған.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сөмкелерден араб тіліндегі діни мазмұндағы 386 кітап шыққан.
«Таяу уақыттарда кітаптар теологиялық сараптамаға жіберіледі», — деп хабарлайды «Оңтүстік» аймақтық басқармасының баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті