Алматы полиция қызметкерлері демалыс күндерінде көлік ұрлап әкеткен топты құрықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полиция қызметкерлері демалыс күндерінде көлік  ұрлап әкеткен топты құрықтады

Алматы полиция қызметкерлері демалыс күндерінде көлік ұрлап әкеткен топты құрықтады

Алматы. 3 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы жол полициясы басқармасының қызметкерлері демалыс күндерінде көлік айдап әкеткен топты құрықтады, олар сондай-ақ басқа да ауыр қылмыстар жасады деген күдік бар. Бұл туралы агенттікке Алматы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

  • 3 Наурыз 2008
  • 399
Фото - Caravan.kz

Алматы-Қапшағай трассасынан 17 ақпанда мал дәрігерінің иелігінде болған жасыл «ВАЗ-2107» көлігі ұрланған болатын. «Сол кезде күдіктілер, көлікті қылмыстық істерді жүзеге асыру үшін пайдалануды көздеген. Ол үшін олар «БМВ » көлігінен мемлекеттік номерін ұрлап оны «7 жигулиге» орнатқан. Сөйтіп олар 10 күн бойы қала ішінде емін- еркін жүруге мүмкіндік алған», -деп хабарлады Алматы ІІД криминалды полиция басқармасының мүліктік қылмыстарға қарсы күрес жөнінде бөлім бастығы Әбілғазы Төлепбергенов.

Оның сөздері бойынша көлікті ұрлап әкеткендердің ізіне кешенді шұғыл іздестіру шараларына көшкен кезде түсуге мүмкіндік туды. Шынайы ақпарат көздері бойынша, іздеуде жүрген «Жигули» көлігі «Ұлжан» ықшам ауданында жалға алған үйде қойылатыны белгілі болды. «Полицияның тінтулері кезінде қолдан жасалған тапанша табылды. Оның жұмыс істеуі, жасалуы арнайы баллистикалық сараптама жасалғаннан кейін белгілі болады «.

«Топтың құрамында төрт ер адам бар.Оның жетекшісі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданының 50 жастағы тұрғыны. Болжам бойынша, бастапқыда бұл топ жерлестер ретінде бас қосып, қарақшылық және тонаушылық әрекеттерін жасау үшін жиналған», — деп хабарлады полициядағылар.

«Әзірге бұл күдіктілер біреуді тонағандары белгісіз. Бірақ олардың тәртібі бойынша олар бірқатар қылмыстарға дайындалып жүргенге ұқсайды. Бүгінде оның бәрі жіті тексеріліп жатыр «, — деп атап өтті А. Төлепбергенов.

Тергеу кезінде ұсталғандар өзінің кінәсін мойындады. Бүгінде Жетісу ауданының АІІБ ҚР Қылмыстық кодексінің 185 бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті