«Шұғыл іздестіру шараларын өткізу барысында 1 наурызда ұйымдасқан қылмыстарға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Бажова көшесінде орналасқан сауда кешенінде бұрынғы бала бақшаның екінші қабатында астыртын ойынхананың барын анықтады «, — деп хабарлады баспасөз қызметінде.
Анықталғанындай, ойынхана иесі 42 жастағы қала тұрғыны болып шықты. «Ғимараттың ішінен карталар, фишкалар, кассалық аппарат, флешкалар, бақылау парақтары, радиотелефон, микрокамера, екі процессор, сөмкеде жатқан $2 200 және 224 мың теңге табылды», деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бүгінгі уақытта бұл іске қатысты материалдар ІІД тергеу бөліміне жіберілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті