Шағын несиелік ұйымдарды дамыту бағдарламасын 2010 жылға дейін ұзарту қажет - ҚР Индустрия және сауда министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шағын несиелік ұйымдарды дамыту бағдарламасын  2010 жылға дейін  ұзарту қажет - ҚР Индустрия және сауда министрлігі

Шағын несиелік ұйымдарды дамыту бағдарламасын 2010 жылға дейін ұзарту қажет - ҚР Индустрия және сауда министрлігі

Астана. 3 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі шағын несиелік ұйымдарды дамыту бағдарламасын 2010 жылға дейін ұзартуды ұсынады. Бұл туралы бүгін үкімет басшысының шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесуінде ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 4 Наурыз 2008
  • 442
Фото - Caravan.kz

«Шағын несиелік ұйымдарды дамыту жөніндегі бағдарламаны қазіргі бар даму институттары арқылы 2008-2010 жылдарға дейін ұзарту қажет деп санаймыз. Министрлік үкіметке осындай ұсыныс жасады», — деді В.Школьник.

Министрдің айтуынша, » шағын несиелік ұйымдардың саны жыл сайын өсе түсуде және 2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен ол мыңды құрады».

Ал «Қазақстанда шағын несиеге деген сұраныс, БҰҰ сарапшыларының бағалауынша, жылына шамамен 800 млн долларды құрайды».

«Бюджетте осы мақсатқа шамамен 80 млн доллар бөлуге мүмкіндік болды, бұл қаржыны бөлуден түскен пайда, әрине, ауқымды», -деді В.Школьник.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті