ІІМ Есірткі бизнесімен күрес комитеті 50 килограмм есірткі тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІІМ Есірткі бизнесімен күрес комитеті  50 килограмм есірткі тәркіледі

ІІМ Есірткі бизнесімен күрес комитеті 50 килограмм есірткі тәркіледі

Астана. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес комитетінің қызметкерлері халықаралық есірткі тасымалдау арналарын анықтау жұмыстарының нәтижесінде 50 килограмнан астам есірткі тәркіледі, деп хабарлайды агенттік ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 4 Наурыз 2008
  • 549
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, көліктегі шығыс ішкі істер департаментінің есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері ҚР есірткіні бақылау агенттігінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Рубеж» бекетінде арнаулы шараның нәтижесінде бес килограмм героинмен 52 жастағы Қазақстандық әйелді ұстады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, героинді әйел төрт дорбаға салып, денесіне байлап алған. Қазір оның сатылатын орнын анықтауға бағытталған жедел шаралар жүргізілуде.

Сонымен бірге, «Астана — есірткісіз қала» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Астана қаласы мен Павлодар облыстық ІІД-нің есірткімен күрес жөніндегі қызметкерлері Астанаға 800 грамм героинді сатпақ болып келген 33 жастағы Павлодар тұрғынын құрықтады. Тінту кезінде одан тағы да 12 грамм героин табылып тәркіленді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстық ІІД-нің есірткімен күрес жөніндегі полицейлері Семей қаласының «Ертіс» бекетінде төрт кісі мінген «Тойота-Виндом» көлігін ұстады. Автокөліктің жүксалғыш бөлігінен жалпы салмағы 47 килограмм марихуана салынған 13 дорбасы бар қол сөмкесі табылды.

Қазір осы деректер бойынша тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті