«Қалада 10 жылдай бұрын таратылған «Зеленстрой» кәсіпорнының жұмысы қайта жанданды. Енді қаланы жасылдандыру жұмыстары бұрынғыдан гөрі жоспарлы және нәтижелі болмақ. Кәсіпорын қызметкерлері жұмысты бастап та жіберді — Бозтаев көшесінің бойында 100 ағаш отырғызылды», — деді С. Оразәлиев.
Ол енді егу жұмыстары бұрынғыдан өзгеше болатынын атап өтті. «Біз қарапайым дәстүрден бас тартып отырмыз. Егер бұрын тиімділігі төмен, биіктігі бір метрден аспайтын ағаштарды отырғызсақ, енді 2,5 — 3 метр биіктіктегі ағаштарды отырғызатын боламыз. Оның тамырымен топырағы да бірге болады. Сондықтан, олардың 99 пайызы бейімделіп кететіні күдік тудырмайды», — деп түсіндірді қала әкімінің орынбасары.
Ол 2008 жылы барлығы 3 мыңдай ағаш — терек, қайың, шырша отырғызылатынын хабарлады. «Қандай көшелерде отырғызатынымыз белгілі. Уәкілетті органдармен уағдаластық. Енді наурыз айының ішінде осы жұмыстарды аяқтауымыз керек», — деп сөзін қорытындылады С. Оразәлиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті