Медведевтің Ресей президенті ретіндегі алғашқы сапары Қазақстаннан басталуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Медведевтің Ресей президенті ретіндегі алғашқы сапары Қазақстаннан басталуы мүмкін

Медведевтің Ресей президенті ретіндегі алғашқы сапары Қазақстаннан басталуы мүмкін

Мәскеу. 5 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Дмитрий Медведевтің Ресей Федерациясының президенті ретіндегі алғашқы ТМД елдерінің біріне шетелік сапары Қазақстаннан басталуы мүмкін. Бұл туралы Ресейдің "Ведомости" газеті хабарлады.

  • 5 Наурыз 2008
  • 389
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан — посткеңестік елдер ішіндегі ең сенімді серіктес», — деп газет есептейтін Ресей саясаткері Борис Макаренкоға сілтеме жасаған. «Бұл ақылға қонымды. Себебі, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Медведевті Астанаға щақырған», — деп атап көрсетті үкімет аппаратындағы ақпарат көзі, деп жазған «Ведомости».

Естеріңізге сала кетсек, 3 наурыз күні Ескі алаңдағы өзінің сайлау штабында тілшілердің сұрақтарына жауап бере тұрып Дмитрий Медведев: «Ресей үшін сыртқы саяси басымдықта Достастық елдерімен қарым-қатынас тұратынын бірнеше мәрте атап көрсеткен болатынбыз», — деген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті