Стратегиялық шабуыл қарулары туралы келісімнің болашағына қатысты келіссөздер үрдісін қайта жандандыру қажет - Тәжин - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Стратегиялық шабуыл қарулары туралы келісімнің болашағына қатысты келіссөздер үрдісін қайта жандандыру қажет - Тәжин

Стратегиялық шабуыл қарулары туралы келісімнің болашағына қатысты келіссөздер үрдісін қайта жандандыру қажет - Тәжин

Женева. 5 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Стратегиялық шабуыл қарулары туралы келісімнің болашағына қатысты келіссөздер үрдісін қайта жандандыру қажет. Бұл туралы Женевада Қарусыздандыру конференциясының пленарлық сессиясында жасаған баяндамасы кезінде Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжин мәлімдеді.

  • 5 Наурыз 2008
  • 497
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан ядролық арсеналды қысқартуға бағытталған Стратегиялық шабуылдаушы қарулар туралы келісім бойынша Ресей мен АҚШ жасаған жұмыстардың маңыздылығын мойындайды. Стратегиялық шабуылдаушы қарулар туралы келісім мерзімі 2009 жылдың соңында аяқталатынын ескере отырып, келісім болашағына қатысты келіссөздер үрдісінің белсенділігін арттыру қажет», — деп мәлімдеді ҚР сыртқы істер министрі.

Сыртқы істер министрі жаңа құжат немесе келісім стратегиялық қарулармен қатар ядролық қаруларды да қысқарту бойынша нақты шараларды қамтуы керек деген пікір білдірді.

«Біз сондай-ақ, ядролық қысқарту дәрежесі және қарқыны бойынша Қарусыздандыру конференциясы аясындағы ашық пікірталастарды қолдаймыз», — деп толықтырды ол. Соған қарамастан, бұл көздеген мақсатқа жетуге кепілдік бере алмайды. «Ядролық қарудан еркін әлем құру жолында айтарлықтай мол күш-жігер қажет», — деп атап көрсетті министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті