Қырғызстанның Тоқтағұл ГЭС-інен суды мөлшерінен артық жіберуге байланысты Қызылорда облысын су басу қаупі бар - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның Тоқтағұл ГЭС-інен суды мөлшерінен артық жіберуге байланысты Қызылорда облысын су басу қаупі бар

Қырғызстанның Тоқтағұл ГЭС-інен суды мөлшерінен артық жіберуге байланысты Қызылорда облысын су басу қаупі бар

Бішкек. 5 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Тоқтағұл ГЭС-інен суды мөлшерінен артық жіберуге байланысты Қызылорда облысын су басу қаупі бар. Бұл туралы Қырғызстан Республикасының өнеркәсіп, энергетика және жанармай ресурстары министрі Сапарбек Балқыбеков мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 5 Наурыз 2008
  • 437
Фото - Caravan.kz

С. Балқыбековтың айтуынша, Нарын және Сырдария өзендерімен су өте көп мөлшерде ағып кетіп жатыр. Ол Қазақстанның Қызылорда облысын басып қалу қаупі бар.

«Бұл проблеманы шешу үшін Қырғызстанға Қазақстаннан комиссия келді. Бірқатар шаралар қабылданды. Алайда, мәселе мынада: Қазақстан қол қойылған протоколдағы барлық талаптарды орындап отырған жоқ. Атап айтқанда, Қырғызстанға белігілі бір жанармай ресурстарын жеткізбей отыр», — деп атап көрсетті министр.

«Егер Қазақстанның облысы судың астында қалар болса, онда Қырғыз жағының мұнда еш айыбы болмайды», — деп атап көрсетті С. Балқыбеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті