Баспасөз хатшысының айтуынша, В. Ющенко Душанбеге 5-6 наурыз күндері Қазақстанға жоспарланған сапары аяқталғаннан кейін ғана барады. Тәжікстанға ресми сапары аясында Украина мемлекет басшысы президент Эмомали Рахмонмен, премьер-министр Акил Акиловпен, парламенттің төменгі палатасының төрағасы Сайдулла Хайруллаевпен кездеседі, деп ақпарат берді И. Ванникова.
«Сапардың негізгі мақсаты Тәжікстан экономикасының негізгі салаларының, атап айтқанда, гидроэнергетика және алюминий өндірісінің дамуына Украинаның қатысуға дайын екендігін паш ету», — деп атап көрсетті И. Ванникова.
В. Ющенко мен Э. Рахмон Душанбеде Тәжікстан мен Украинаның дипломатиялық өкілдіктерінің ашылуын, сондай-ақ, тәжік президентінің Украинаға сапарының мерзімін талқылайды деп жоспарланып отыр. Тараптар 2008 жылға арналған «Украина — Тәжікстан» іс-әрекеттерінің жоспарын талқылайды және оған қол қояды, сондай-ақ, сауда-экономикалық қатынастарды талқылайды деп күтілуде.
Баспасөз хатшысының ақпаратына сүйенсек, В. Ющенко Тәжікстанға гуманитарлық көмек әкеледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті