«Мен Қазақстан үкіметінің ұлттық заңнама мен құқықты қолдану тәжірибесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету және адам құқығын ішкі тиімді қорғауға кепілдік беру, соның ішінде құқық қорғау институттарының өкілеттілігн ұлғайту мен құқық қорғаудың тиімді жүйесін құру үшін бар күш-жігерін салуға деген бекем ниетін атап өткім келеді», — деді М. Тәжин.
ҚР СІМ адам құқығын қорғау мен оны ілгерілету әлемдік таңдаулы тәжірибені ескермей жүзеге асырылмайтын атап өтті. «Бұл факт Қазақстанның адам құқығы саласындағы БҰҰ-ның конвенциялары мен келісім-шарттарының басым бөлігіне, соның ішінде азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі, сондай-ақ, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пактілерге бірігуге шешім қабылдауға түрткі болды», — деді ол.
М. Тәжиннің пікірінше, азаматтардың құқығын қорғату мүмкіндіктерінің аясын одан әрі кеңейту және елімізде адам құқығын қорғау тетіктерін жетілдіру жолындағы маңызды қадам — осы жылдың қаңтар айында БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитетінің тұлғалардың арыз-шағымдарын Азаптауға қарсы конвенцияның 21 және 22 баптарына сәйкес қарастыру жөніндегі құзыретін мойындайтыны жөнінде мәлімдеме жасауы болды. Бұған қоса Қазақстан президенті өткен жылдың қыркүйек айында Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 62-ші сессиясы барысында қол қойған құжаттар — Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіге қосымша факультативтік хаттама мен азаптауға қарсы конвенцияға қосымша хаттаманы бекіту жөніндегі мемлекетішілік процедуралар аяқталып келеді.
«Жуырда Қазақстанда адам құқықтарына қатысты ахуал жайындағы базалық баяндама жарияланды. Онда ұлттық заңнама мен құқық қолдану тәжірибесінің құқық қорғау саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестігі туралы кешенді талдауы бар. Базалық баяндаманың қорытындылары мен нұсқаулары адам құқығы саласындағы ұлттық іс-әрекеттер жоспарының арқау негізіне айнадуға тиіс, бұл жоспар Вена декларациясы мен Іс-әрекеттер жоспарына сәйкес биыл жасалады», -деді министр.
«Мұндай жоспар адам құқығы саласында мемлекеттік органдар, бейресми ұйымдар мен халықаралық ұйымдарды тарта отырып, мейлінше тиімді, ретті әрі үйлесімді саясат жүргізуге қол жеткізу үшін қажет деген сенімдеміз», — деді М.Тәжин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті