«Конвенцияда теңізбен жүк тасымалдауға қатысты кейбір ережелер белгіленеді. Конвенция ережелері кеменің, тасымалдаушының, жүк жіберушінің немесе жүкті қабылдап алушының ұлтына , еліне қарамастан қолданылады», -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің отырысында.
Конвенцияның 9 бабында жүкті кеменің ашық палубасында тасымалдау шарттары айқындалады. Құжатқа сәйкес, жүк тасымалдаушы мен жүк жіберуші арасындағы келісім бойынша ғана, немесе, бұған заңнамалық нормалар мен ережелерге сәйкес талап етілген жағдайда ғана ашық палубада тасымалданады.
«Конвенцияға кез-келген қатысушы мемлекет денонсация жасай алады. Денонсация ол туралы хабарландыру бергеннен бір жыл өткенде өз күшіне енеді», — делінген қорытындыда.
Конвенцияға 1978 жылдың 31 наурызында Гамбургте қол қойылған.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті