«Қар көшкіні облыстағы алты елді мекенге қауіп төндіріп тұр. Оның қатарында Серебрянск қаласы, Огневка және Зубовка, Лаптиха кенттері бар», -деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Департаменттің мәліметтері бойынша, қар көшкіні Өскемен — Самара, Өскемен — Зыряновск, Согорное — Печи, Берель — Рахманов (Қатон — Қарағай ауданы), Зубовка — Путинцево елдімекендері мен Риддер — Шекмар кен орнына апаратын 340 шақырымдық көлік жолдарына да зиянын келтіруі ықтимал.
Баспасөз қызметі атап өткеніндей, көшкін қаупі көктем сайын туындап отырады. «Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінінен барлық таулы аймақтарға қауіп төнуде. Жалпы соңғы 30 жылда 2500 қар көшкіні болған 366 аса қауіпті жер учаскелері тіркелген», — деді ТЖД.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті