«Салық заңнамалары мен ҚР «Әкімшілік заң бұзушылықтар жөніндегі кодексін орындамағаны үшін 81 шаруашылық субъектісі әкімшіліктік жауапқа тартылды», — деп хабарлайды Б. Смағұлов.
Оның сөздері бойынша өткен аптада заңды тұлғаларды 5 кешенді тексерулері өткізіліп, қосымша 7 млн 994 мың теңге көлемінде айыппұл мен салық салынды. Ал жеке кәсіпкерлер бойынша 49 тексеру жүргізіліп, 4 млн 230 мың теңгеге салық пен айыппұл алынды.
Астана қаласы әкімінің орынбасары айтқанындай, жыл басынан мемлекеттік бюджетке 29 млрд 706 млн теңге салық пен төлемдер түсті, соның ішінде Астана бюджетіне 21 млрд 141 млн теңге аударылды. Өткен аптаның өзінде бұл төлемдердің мөлшері 927 млн теңгеге жетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті