Жоғарғы сот жүргізушілердің кәулігіне талон енгізу жөнінде үкіметтің шығарған қаулысына қатысты істі 7 наурызда қарастырады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғарғы сот жүргізушілердің кәулігіне талон енгізу жөнінде үкіметтің шығарған қаулысына қатысты істі 7 наурызда қарастырады

Жоғарғы сот жүргізушілердің кәулігіне талон енгізу жөнінде үкіметтің шығарған қаулысына қатысты істі 7 наурызда қарастырады

Астана. 5 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Жоғарғы сот жүргізушілердің кәулігіне талон енгізу жөнінде үкіметтің шығарған қаулысына қатысты ҚР азаматының берген шағымын 7 наурызда қарастырады. Мұндай шешімді кеше Жоғарғы сот судьясы Николай Мамонтов сот процессіне қатысқан прокурордың өтініші бойынша шығарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 5 Наурыз 2008
  • 370
Фото - Caravan.kz

Сот отырысы кезінде прокурор қорытындыны шығару үшін, оған екі күн беруді өтінді. Судья бұл өтінішті қанағаттандырды.

Тілші хабарлағанындай, шағым түсірген Абай қаласының тұрғыны Нұрхан Жұмабеков өзінің талабын жариялады: «үкімет Конституцияның 39-және 61 баптарын бұзып өзінің құзырын асыра пайдаланып қаулыны қабылдап, нормативтік-құқықтық актілері арқылы менің құқығымды шектеді дегенді соттың растауын сұраймын».

«Сондай-ақ, бұл қаулы «Жол қауіпсіздігі жөніндегі» заңының 16 бабында қарастырылған көлікті жүргізу құқығымды бұзып отырғанын растауды өтінемін. Қаулы қабылданған уақыттан бастап жарамсыз деп тануды сұраймын.

Бұдан бұрын хабарлағанындай, Н. Жұмабеков көлік жүргізушілердің кәулігіне талондарды енгізу жөнінде «үкіметтің 1997 жылғы 25 қарашасында қабылданған №1650 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» үкіметтің 2007 жылдың 9 қаңтарындағы №6 қаулысының заңдылығына қатысты сотқа шағым түсірді. Оның пікірінше бұл қаулы Конституцияның 14, 39, 61 баптарына қайшы келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті