Қырғызстанда Орталық Азия республикаларының есірткіге қарсы күрес жөнінде қызметтері басшыларының кездесуі аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда Орталық Азия республикаларының есірткіге қарсы күрес жөнінде қызметтері басшыларының кездесуі аяқталды

Қырғызстанда Орталық Азия республикаларының есірткіге қарсы күрес жөнінде қызметтері басшыларының кездесуі аяқталды

Бішкек. 5 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда Орталық Азия республикаларының есірткіге қарсы күрес жөніндегі қызметтері басшыларының кездесуі аяқталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Республикасының ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 5 Наурыз 2008
  • 428
Фото - Caravan.kz

«Бұл Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның есірткіге қарсы күрес бөлімшелері басшыларының кездесуі оңтүстіктегі Ош қаласында өтті», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

«Кездесу кезінде аймақтағы мемлекеттердің шегаралары арқылы есірткі тасымалына тосқауыл қою әрекеттерін үйлестіру, қарым қатынастарды нығайту, есірткі бизнесімен айналысатын ұлтаралық қылмыстық топтарға қарсы тұру мәселелері талқыланып, алдағы айларда бірлесіп жасалатын іс қимылдардың жоспары жасалды «, — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Мұндай ынтымақтастықтың стратегиялық бағытында Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында жүргізілетін «Мак», «Арна» халықаралық операциялары кезінде белсенділікті күшейту керек. Сондықтан болар, бүгінгі кездесу Қырғызстанның оңтүстігінде өтіп жатқандығы бекер емес. Өйткені, Ауғанстанның ауыр есірткі түрлерінің басым бөлігі Қырғызстанның оңтүстігі арқылы жеткізіледі.

ІІД мәліметтері бойынша, өткен жылы құқық қорғау құрылымдары тарапынан 6 мың тоннадан аса есірткі заты тәркіленді. Оның басым бөлігі героин мен апиын болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті