СҚО әкімдігінде аймақтық бағдарламалар мен облыстық бюджеттің орындалуы жөнінде есеп берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО әкімдігінде аймақтық бағдарламалар мен облыстық бюджеттің орындалуы жөнінде есеп берілді

СҚО әкімдігінде аймақтық бағдарламалар мен облыстық бюджеттің орындалуы жөнінде есеп берілді

Астана. 5 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде аймақтық бағдарламалар мен облыстық бюджеттің орындалуы жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 5 Наурыз 2008
  • 535
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімінің орынбасары Владимир Балахонцев 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» атты салалық бағдарламаның орындалуы жөнінде есеп берді. Оның ақпараты бойынша осы уақыт аралығында 675 шақырымға су құбыры тартылды, оның ішінде Ақжар, Жамбыл, Уәлихан аудандары үшін 236 шақырым су тартқыштарының құрылысы жасалды. Ауыз су 101 елдімекенге жеткізіліп, 48 пунктердің сумен қамтамасыз ету желісі жақсартылды.

«Есіл су» РКМ бастығы Сермагамбет Құтышевтың айтуынша, бүгінгі күнде Аққайың ауданындағы су тартқышын толық жөндеуден өткізу керек. Ол облыстағы жеті ауданды сумен қамтамасыз етіп отыр.

Сонымен қатар, облыстық мәдениет басқармасының бастығы Рустам Бикенов 2006-2008 жылдары мәдениетті дамыту жөнінде облыстық бағдарламасының қорытындысымен таныстырды. Оның мәліметтері бойынша соңғы екі жылда 24 мәдени нысан күрделі жөндеуден өткізіліп, 37 кітапхана компьютерлендірілді, оның алтауы облыстық орталығында орналасқан. Жалпы қаржы көлемі 2 млрд теңгені құрады, ал биылғы жылы 835 млн теңгені игеру көзделген.

Кәсіпкерлік және өндіріс департаменті бастығының орынбасары Серік Мамашариповтың ақпараты бойынша, облыста құрылыс шикізатын шығару көлемі ұлғайды. Өткен жылы өндірілген құм көлемі 4,7%, қиыршық тас- 11,7% өсті. Ал құрылыс материалдарын шығару саласында өнім көлемі 23,4 % көтерілді.

Ал 2007 жылы облыстық бюджеттің атқарылуы жөнінде облыстық қаржы департаментінің бастығы Ольга Перепечина есеп берді . Оның ақпараты бойынша бюджет 99,9% орындалды. 51 миллион теңге игерілмей қалса, ал облыс бойынша жалпы 109,5 млн теңге қалыс қалды.

Жиналыс кезінде аймақтың басшысы Серік Біләлов қаржы жөнінде аудан әкімдерінің орынбасарларына сын айтты. Олар бюджеттік қаржыны уақтылы қайта бөлмеген. Бүгінгі есеп қорытындыны С. Біләлов облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсынуды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті