Байқоңырда "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңырда "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңыр. 5- наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

  • 5 Наурыз 2008
  • 360
Фото - Caravan.kz

С.П. Королев атындағы «Энергия» ғарыштық-зымыран орталығы мен Федералды ғарыштық «Байқоңыр» орталығының мамандары № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусында ғарыш кемесін жаңғыоықсыз камерада сынап көрді.

Ғарыш мамандары дайындық жұмыстарының кестесіне сәйкес, «Союз ТМА-12» пилоттық ғарыш кемесінің жүйелерін тексеруге кірісті.

Ғарыш кемесі негізгі және қосалқы экипаждар ұшу алдындағы дайындақтан өту үшін Байқоңыр ғарыш айлағына наурыздың аяғында келгенге дейін дайын болуға тиіс.

«Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына ресейлік ғарышкерлер Сергей Волков, Олег Кононенко бар 17-ші негізгі экспедиция мен сонымен қатар 14-ші экспедицияның ғарышкері — Корея Республикасының азаматы Сан Коны жеткізеді.

«Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесі экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру үстіміздегі жылдың 8-сәуіріне межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті