ҚР Қорғаныс министрлігінде әйел-әскерилерді салтанатты қабылдау рәсімі болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қорғаныс министрлігінде әйел-әскерилерді салтанатты қабылдау рәсімі болып өтті

ҚР Қорғаныс министрлігінде әйел-әскерилерді салтанатты қабылдау рәсімі болып өтті

Астана. 5 наурыз. "Қазақстан Бүгін " -Бүгін ҚР еліміздің қорғаныс министрі Даниал Ахметов өзі басқаратын мекемеде еліміздің қарулы күштерінде қызмет ететін әйел-әскерилерді салтанатты түрде қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Наурыз 2008
  • 491
Фото - Caravan.kz

«Шараға барлық әскери құрылымдарда қызмет ететін әйелдер, соның ішінде мотоатқыштар, десантшылар, снайперлер мен әскери басқару офицерлері қатысты», -деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Даниял Ахметов әскери әйелдерге гүл шоқтары мен ескерткіш сый-сияпаттар ұсынды. Бұл күні сондай-ақ, кезекті әскери атақтар тағайындалды», -делінген құжатта.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгінгі күні ҚР Қарулы күштерінде 8 мың әйел, соның ішінде 82 аға және 300 кіші офицерлер қызмет етеді.

«Олардың бәрі де жоғары білім игерген. 34 адам әскери училище мен кіші офицерлер курсын тәмамдаған, Қазақстандық әйел-әскерилердің 30%-ы бөлімшелердің жауынгерлік дайындық деңгейін паш ететін қызмететрде еңбек етеді»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті