ШҚО қар көшкінінің астында екі адам қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО қар көшкінінің астында екі адам қалды

ШҚО қар көшкінінің астында екі адам қалды

Астана. 6 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында болған қар көшкінінен екі адам қаза болды, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 6 Наурыз 2008
  • 341
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне ( Риддер қаласының маңында) екі адам шаңғы тебу үшін 1 наурызда Кеңсай -аспалы ескі жолына шығып, қар көшкінінің астында қалды деген ақпарат 3 наурызда 15 сағат 30 минутта келіп түсті.

«Құтқару іздестіру шаралары нәтижесінде 5 наурызда 8 сағат 30 минутта және 9 сағат 52 минутта екі адамның мәйіті табылды. Іздестіру жұмыстарына ҚР ТЖМ «Қазселқорғау» және «ВРАОСО» МБ қызметтерінің сегіз адамы және бір техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті