Қазақстандағы Украина жылы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы Украина жылы ашылды

Қазақстандағы Украина жылы ашылды

Астана. 7 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина президенті Виктор Ющенко кеше Конгресс-Холл сарайында өткен Қазақстандағы Украина жылының ашылуына орайластырылған салтанатты шараға қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі. Бұл жөнінде мемлекет басшылары 2007 жылдың ақпанында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаға жасаған ресми сапары барысында уағдаласқан болатын.

  • 6 Наурыз 2008
  • 1226
Фото - Caravan.kz

Қазақстандағы Украина жылының ашылуына арналған салтанатты рәсімді ашқан Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы Украинадағы Қазақстан жылының табысты өткенін атап өтті. Украиндықтар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімен танысып, елдің бай мәдени мұрасы жайлы көптеген мәліметтер алды, қазіргі Қазақстанның қадамдарын сезінді.

«Осы уақыт ішінде қазақстандықтар мен украиндықтар бір-біріне жақындай түсті, және де мен алдағы Украина жылы біздің қарым-қатынасымызды дамытудағы табыстарды бекітетініне кәміл сенемін», — деді мемлекет басшысы.

Қазақстандағы Украина жылы да шараларға толы және мазмұнды болмақ. Қазақстандықтар қазіргі Украинаның саяси, экономикалық және әлеуметтік жетістіктері жөніндегі мағлұматпен, украин халқының бай мәдениетімен танысуға мүмкіндік алады.

Қазіргі кезде Украина Қазақстанның маңызды саяси және сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Екі ел арасындағы өзара сауда белсенді дамып отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 2,6 миллиард долларға жетті, бұл 2006 жылғы көрсеткіштен 64 пайызға артық. Қазақстан Украинаның әлем бойынша жетінші, ал ТМД елдері бойынша екінші ірі сауда әріптесі болып табылады.

«Біз келешекті ойлай отырып, елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға міндеттіміз. 2008 жылы Қазақстандағы Украина жылын өткізудің басты мақсаты осында жатыр», — деді Н.Назарбаев.

«Болашақта біз өзара мәдени диалогты қайта жаңғыртып, аясын кеңейте түсеміз деп сенемін, Қазақстандағы Украина жылы біздің ықпалдатсығымызға жаңаша мүмкі,ндіктер ашады деген үмітім бар», — деді Украина президенті В. Ющенко. Ол сондай-ақ, Астанада Тарас Шевченкоға, ал Киевте Жамбыл Жабаевқа ескерткіш орнату туралы шешңм қабылданғанын хабарлады.

Украина мемлекет басшысы Қазақстанның бірқатар саяси жәге қоғам қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табы етті, олардың арасында Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев пен Украинадағы Қазақстан елшісі Амангелді Жұмабаев бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті