Астанада тасқын болу ықтималдығына байланысты "Көктем-2008" командалық-штабтық жаттығу өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада тасқын болу ықтималдығына байланысты "Көктем-2008" командалық-штабтық жаттығу өтті

Астанада тасқын болу ықтималдығына байланысты "Көктем-2008" командалық-штабтық жаттығу өтті

Астана. 6 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Астананың төтенше жағдайлар департаменті наурыздың 4-5 күндері "Көктем-2008" командалық-штабтық жаттығу өткізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 6 Наурыз 2008
  • 406
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, жаттығу тақырыбы — «Тасқын жағдайындағы төтенше жағдайдың салдарын жою кезінде құтқару және өзге де қажетті жұмыстарға дайындалу және оны жүргізу».

Жаттығу аясында тасқын кезінде «Қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ коммуналдық-техникалық қызметінің техникасының жұмысқа дайындығы, «Астана су арнасы» МҚК аумағында Астананың жедел әрекет ету отряды тексерілді. Сондай-ақ, темір жол вокзалы маңында «Жүк тасымалы» АҚ базасында жаттығулық өрт сөндіру жүзеге асырылды.

«Тасқын мезгіліне дайындық барысында қалалық қызметтер мен тұрмысқа қажетті объектілерде инженерлік-техникалық жұмысшылар қатарынан тәуліктік кезекшілік енгізіліп отыр. Қала аудандарында халықтан келіп түсетін арыздарды қарастыру үшін тасқын комиссиялары құрылды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті