Сотта хабарлағандай, қадағалау шағымы осы іс бойынша қадағалау ісінің қозғалуынан бас тартуға байланысты бастапқы қарастыруда кері қайтарылды.
Осылайша, кәсіпкердің өзі заңсыз санап отырған өндірістік базаны одан тартып алу туралы сот үкімімен дауласу үшін берген қадағалау шағымын сот кері қайтарды.
Бұрын хабарлағанымыздай, сейсенбі күні А. Ким баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, онда «сот тартысы 5 жылға созылды. Сот билігі тарапынан қысым көрсетіліп, бопсалау орын алып келеді», — деп хабарлаған болатын.
Оның айтуынша, бес жыл бұрын 39 млн теңге қарызы үшін ЖШС мүлкі «ЦентрКредит» банкіне берілген. «Сол кезде Алматының сот әкімшілігінің сот орындаушысы Р. Бекмағамбетов бірқатар заңдардың талаптарын бұзып, заңды негізде маған тиесілі өнеркәсіптік базаны менен айыру бойынша заңсыз іс-әрекеттер жасады», — деді кәсіпкер.
А. Кимнің айтуынша, сот орындаушысының өзі заңсыз деп тапқан іс-әрекеттеріне қарсы шағым түсірген. Сот талқылаулары барысында әртүрлі деңгейдегі сот тізбегі бұл мәселе бойынша біресе кәсіпкердің пайдасына, біресе оған қарсы үкім шығарған. Атап айтқанда, 2005 жылы Алматының ауданаралық экономикалық арнайы сотының үкімімен оның талаптары қанағаттандырылған: сот орындаушысының жасаған саудалары, актілері және қаулылары күшсіз деп танылған. Алайда, 2006 жылы Алматы қалалық сотының қадағалау алқасы бұл үкімді бұзған.
Осыған байланысты кәсіпкер өзгенің мүлкін иелену мақсатындағы келісім көзге ұрып тұр деп сендіріп отыр. «Бұл рейдерлік кесте: банк, сот әкімшілігі, сот және БТИ. Себебі, олар мемлекеттік актіні бір айдың ішінде жасаған. Қарапайым адам бір айдың ішінде мұны ешқашан жасай алмас еді. Ал оларда болса бәрі жылдам. Мен сондықтан осы іс бойынша мұқият тергеу жүргізу үшін ҰҚК-не шағымдандым. Өйткені бұл іске өте көп адамдардың қатысы бар», — деп атап көрсетті А. Ким.
Ол сондай-ақ, оған бейбіт келісім жасау үшін сауда нәтижесінде А. Кимнің өнеркәсіптік базасын сатып алған «Сапар ЛТД» ЖШС өкілі Сапарбаев деген біреу хабарласқан. «Менің мүлкім үшін олар маған Саин мен Абай көшелерінің қиылысы маңындағы 3 бөлмелі пәтер ұсынды». А. Кимнің айтуынша, компнаия өкілі былай деген: «Бізде ақша бар. Біз сені ақшамен жаншып тастаймыз». А. Кимнің пайымдауынша, бұл компанияның артында жоғары шенді тұлғалар тұр.
Сонымен бірге, оның айтуынша, өткен жылы оған өзін қалалық сот төрағасының көмекшісі деп таныстырған М. Бәкір хабарласып, 200 мың АҚШ долларына мәселені оң шешіп беру үшін ықпал етуді ұсынған. Сол кезде А. Ким Алматы қалалық ҰҚК департаментіне шағымданған. 2007 жылы қазан айының 19-да ҰҚКД қызметкерлері жасаған арнайы операция барысында М. Бәкір тұтқындалған. Кейіннен оның қалалық сот төрағасының көмекшісі болмағандығы, жай ғана аға пристав болғаны анықталып, алаяқтық бойынша айып тағылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті