4 әзербайжан және 12 армян сарбаздары атыс кезінде қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
4 әзербайжан және 12 армян сарбаздары атыс кезінде қаза тапты

4 әзербайжан және 12 армян сарбаздары атыс кезінде қаза тапты

Баку. 6 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - 4 наурыз күні фронттың алдыңғы шебінде орналасқан Әзербайжанның Тертер ауданы бағытындағы атыс кезінде 4 әзербайжан және 12 армян әскери қызметкері қаза тапты, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Әзербайжанның Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 6 Наурыз 2008
  • 423
Фото - Caravan.kz

Қорғаныс министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, Армения қорғаныс күштерінің бөлімшелері 4 наурыз күні таңертең Әзербайжан мен Арменияның қорғаныс күштерінің бетпе-бет келген жерінде атпау режимін бұзған. Нәтижесінде фронттың бірнеше бағыттарында күрделі жағдай қалыптасты.

«Тертер ауданының Гойарх ауылы бағытында болған атыс кезінде Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің қатардағы үш жауынгері мерт болып, біреуі жараланды. Ал Армения жағы бұдан да көп шығынға ұшырады: 12 жауынгері қайтыс болып, тағы он бесі жараланды. Сонымен қатар, Тертер ауданының Қызылоба ауылының бағытына Армения жағының оқ жаудыруы кезінде Әзербайжанның әскери қызметкері қаза тапты», — деп атап көрсетті министрлік.

«Қазіргі уақытта аталмыш ауданда салыстырмалы түрдегі тыныштық орнаған»,- деп хабарлады Қорғаныс министрлігінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті