Бас прокуратураның мәліметінше, Республикада 2007 жылдың 1 қазан айында медицина мекемелерінің есебіне тұрған 53 мыңнан астам нашақорлар тіркелді, олардың 5 мыңнан астамы кәмелетке толмағандар.
Бас прокуратура уәкілетті мемлекеттік органдары қызметіндегі кәмелетке толмағанадар және жастар арасындағы нашақорлықты алдын алу туралы заңдылықтың қолданылуына жоспарлы тексеріс жүргізді.
Тексеру нәтижесімен Бас прокуратура үкіметтің атына анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізген. Жақында Бас прокуратура республиканың премьер-министрден жауап алды.
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін президенттің бұйрығымен «2006-14 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі сатумен күресу стратегиясын» бекітті, осыған сәйкес еліміздің үкіметі әрбір 2 жыл сайын нашақорлық пен есірткі сатумен күресу бағдарламасы, ал жергілікті атқарушы органдар — сәйкес аймақтық бағдарламаларды қабылдайды.
Бірақ прокурорлық тексеру нәтижелері уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан бұл міндеттер тиісті деңгейде асырылмай жатқанын көрсетті.
Естеріңізде болса, облыстардың көбінде нашақорлық пен есірткі сатумен күресу жөніндегі аумақтық комиссия бір де бір мәжіліс өткізбеген, ал олардың құрамы бір де бір рет жаңармады. Сонымен бірге, кейбір аймақтарда мұндай комиссиялар құрылмаған.
Сонымен қатар, өткізілетін шаралардың тиімділіктеріне басқа да себептер ықпал етеді, соның ішінде жеткілікті қаржыландырудың жоқтығы. Ал, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында нашақорлық пен есірткі сатумен күресу және алдын алуына қаражат тіпті ескерілмеген.
Бұл Денсаулық сақтау органдарының кәмелетке толмағандардың арасында нашақорлыққа қарсы іс әрекет бойынша жүктелген міндеттерді тиіссіз орындау болып қалыптасты.
Мысалы, ауыл аудандарында дәрігер-наркологтің қызметіне әрбір ауданға 1 маман енгізіледі. Бірақ кейбір аймақтарда мұндай маман жоқ. Сондықтан Алматы облысының наркодиспансерінде нарколог функцияларын «тіс дәрігері» мамандығы бар учаскелік медбикеге жүктелген.
Денсаулық сақтау мен ішкі істер органдарының арасындағы қарым-қатынсатың төмендігі мен уақытылы ақпарат алмасуының жоқтығынан кәмелетке толмағандардың арасында есірткінің таратылуының нақты жағдайы көрсетілмеген. Нәтижесінде, алдын алу жұмыстарына мұқтаждық ететін балалар полиция қызметкерлерінің бақылауынан тыс қалады.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар және олардың құқығын қорғау істері жөніндегі комиссиялар заңдылықпен жүктелген міндеттерін тиісті деңгейде орындамайды.
2006-2007 жылдарда Алматы әкімшілігінің жанындағы ведомство аралық комиссия есірткіні қабылдайтын балалар мен жасөспірімдерге қатысты бір де бір мәлімет қарастырмаған, ал қалалық медицина-әлеуметтік наркология орталығының мәліметі бойынша олардың есебінде 2 мыңнан астам кәмелетке толмағандар тұр. Мұндай заң бұзушылықтар республиканың 8 облысында анықталған.
Кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлықты алдын алу саласында анықталған заң бұзушылықтар көбінесе денсаулық сақтау, білім және ғылым, ішікі істер минстрліктері және жергілікті атқарушы органдарының мемлекет басшысы мен үкіметтің нашақорлық пен есірткі сатумен күресу саласындағы бағдарламалық құжаттарының тиісті дәрежеде орындамауынан туындап отыр. Бұған олардың жұмысындағы үйлесімділіктің жоқтығы да себеп болды.
Осы жәйттерге орай тексеру қорытындылары бойынша Бас прокуратура аталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде үкімет атына ұсыныс енгізді, ол премьер-министрдің тапсырмасы бойынша нашақорлық пен есірткі сатудың алдын алу және олармен күрес жөніндегі жұмыстарды үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссия мәжілісінде қаралды. Премьер-министрдің жауабына қарағанда «барлық мүдделі мемлекеттік органдарға заң бұзушылықтарды жоюға және жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар қабылдау» тапсырылды.
Атап айтқанда, Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау және ішкі істер органдарының арасындағы өзара тығыз байланыс қайтадан қарастырылды және жөнге келтірілді, қазіргі уақытта тоқсан сайын нашақорлар тізім бойынша есеп жүргізіліп отырылады.
Білім беру министрлігі білім беру мекемелерінде наркологиялық посттар туралы ережені бекітуді қарастыратын бірлескен бұйрық жасап, оны мүдделі органдарға келісімге жіберді.
Бұдан басқа, бірқатар облыстарда арнайы, өткізілген мәжілістердің қорытындылары бойынша нашақорлық пен есірткі сатумен күресудің аймақтық бағдарламалар қабылданды, нашақорлық пен есірткі сатумен күресу және кәмелетке толмағандар мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аймақтық комиссия жұмыстарының жоспарлары қайтадан қарастырылды, жаңа нашақорлық ұйымдарды салу және ашу, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған орындардың материалдық-техникалық жабдықталуын күшейту жоспарланды.
Тексеру нәтижелері бойынша прокурорлар заң бұзушылықты жою туралы барлығы 136 ұсыныс енгізді, 15 адам әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 5 заң түсініктемесі берілді. Ал ұсыныс қарастырылғаннан кейін қалалық және аудандық әкімшіліктерде, денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс істейтін 24 лауазымды тұлға және ішкі істер органдарының 30 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті